Қос мектептегі волонтерлер серіктестігі

[metaslider id=”8599″]

Әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір адамның рухани жан дүниесін кеңейте түсуге бағытталған. «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында 3-ші жыл қатар «Lingua Town» тілдік мектебімен әлеуметтік-волонтерлік серіктестігіміз биылғы оқу жылында да жалғасын тапты. Бұл мектепте тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан 8-9 сынып оқушылары оқиды. Жобаның негізгі мақсаты – екі мектеп оқушыларының ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін тренингтер, ойындар, шетелдік ұстаздармен кездесулер өткізу арқылы дамыту. «Lingua Town» оқушыларымен алғашқы кездесуіміз бізге жағымды көңілді көтерінкі көңіл-күй сыйлады. Бірақ ағылшын тілін меңгеруде аздаған кедергілер бар екендігін байқадық.

Біріншіден, бұл бізге ағылшын тілінде еркін сөйлеуімізді жетілдіруге үлкен мүмкіндік екенін түсіндік.
Екіншіден, балалар топта жұмыс істеу арқылы көсбасшылық қасиеттерін дамытады. Дайындаған ойындарымыз топтасып жұмыс жасауға  арналғандықтан біз балалар арасындағы көсбасшыларды, ұйымшылдықты көре алдық. Мысалы, «Адам портреті» ойыны арқылы 3-топтың мүшесі Әлішер өзгелерге қарағанда белсенді екендігін  көрсетті.
Үшіншіден, оқушылар мен шетел мұғалімдер арасында қарым-қатынас қалыптасты. Оған «Сенім» ойыны өз көмегін тигізді.

Екінші кездесуде Розанетт Лютер ханым АҚШ еліне саяхат жасап «Хеллоуин» мерекесінің қалай өтетіндігі туралы әңгімелеп берді. Содан кейін топтық жұмыс арқылы оқушылар хеллоуин мерекесінің тарихымен танысып, өз қолдарымен осы мерекенің символын жасады. Нәтижесінде оқушылар хеллоуин мерекесі не мақсатта өткізілетінін түсініп, кейбір элементтерінен біздегі діни мерекелермен ұқсастықтары бар екендігі жайлы өз ойларымен бөлісті.

Бұдан бөлек, биология пәнінің шетелдік мұғалімі Локстон Антуанетт Мишель «Қызықты зертхана жұмыстары» атты сабағын өткізді. Сабаққа оқушылардың қызығушылығы жоғары болды. Себебі, оқушылар әртүрлі зерттеулер жасап, оны әңгімелеу арқылы ағылшын тілдерін дамытты, биология пәні бойынша білімдерін шыңдады.
Иә, расында бұл кездесулердің пайдалы әрі әсерлі тұстары өте көп болды. Бір жағынан оқушылар жоғарыда аталған түрлі қасиеттерін ұштаумен қатар  жаңа достар тапты.

Малика Жантасова,
 Іңкәр Раханова,
9 «А» сынып оқушылары