«Тұңғыш – Первый» кино апталығы өтті.

[metaslider id=”8401″]

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш – первый» кино апталығы өтті. Апталықта Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы кемеңгер саясаткер Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуы жолындағы өлшеусіз еңбектері баяндалатын фильмдер көрсетілді.
– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы үшін жасаған оң қадамдары мен ерен еңбектері елімізде ғана емес, әлемде де жоғары бағаланып келеді. Тәуелсіз мемлекетімізді дамыған елдердің қатарына қосуға бар күшін сарп етіп жүрген Ұлт Көшбасшысының жүріп өткен жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету ұстаздар қауымынң міндеті деп білеміз. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мектебімізде кино апталығы ұйымдастырылып, «Столица великой степи», «Туркский мир», «Астана город мира и надежды», «В эпицентре модернизации», «Избранный временем» атты танымдық тағылымы мол фильмдер  шәкірттеріміз назарына ұсынылды.  Апталығы барысында мектептің акт залы, кітапхана, психологтар кабинеті, жатақхана мен кураторлық сағаттарда оқушылардың фильмді тамашалауы қамтылды, -дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова.
Көрсетілген фильмдер мағынасы терең, айтар ойы салмақты екендігін оқушылардың өзі анық байқаса керек. Алған әсерлерімен бөлісіп, ХХІ ғасырдың болашақ көшбасшылары ретінде Ұлт Көшбасшысын үлгі тұтатындықтарын атап өтті.
– Біз тамашалаған фильмдер Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалар жайында сыр шертеді. Бір ғана жазық дала төсіне заманауи жаңа қала тұрғызу екінің бірінің қолынан келмейді. Дегенмен осы қиындықты, кедергілерді жеңе білген Елбасымыздың қажырлығы мен әркез өзіне тәнті етіп келеді. Біз Елбасымызбен мақтанамыз, -дейді өз сөзінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Тұрар Кәметай.
Кино апталығы аяқталысымен мектеп оқушылары өз ойларын кері байланыс арқылы жазбаша қалдырды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі