Мектеп түлегімен тілдестік.

11 қазан күні мектебіміздің жоғары сынып оқушылары 2018 жылдың түлегі Тенгиз Ибраевпен скайп арқылы тілдесті. Теңіз қазір Абу-Даби қаласындағы Нью-Йорк университетінде «Физика» факультетінде білім алып жатыр.
Тілдесу барысында Тенгиз өзінің оқуы, студенттік өмірі жайлы әңгімеледі. Алдымен оқуға қалай түскені  жайлы айтып өткен ол университеттің талапкер алдына қойған талаптары жайында мағлұмат берді. Студенттің күндерінің алғашқы семестрінде өзі таңдап алған пәндерін меңгеруде мектеп қабырғасында жүріп алған білімдерінің айтарлықтай көмектесіп жатқандығын атап өтті. Тенгиз университте физиканы тереңдете оқуды мақсат еткенімен өзін ерекше қызықтыратын картография мен маркетинг салаларына да көңіл бөледі екен.  Тілдесу барысында бізді қуантқан тағы бір дүние – аталған оқу орнына грантпен  Қазақстаннан түскен 13 студенттің бесеуі Семей қаласынан екендігі. Еркін әңгімелесу барысында біз өзімізді қызықтырған түрлі сауалдарымызды қоюға мүмкіндік алдық. Соның ішінде Тенгиздің халықаралық емтихандарды қалай тапсырғаны, климаты ыстық өңірдің ауа-райына қалай көндіккені жайлы естіп білдік.
Университет шынымен алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі екеніне көзіміз анық жетті. Өйткені, студенттері әлемнің әр қиырынан жиналса да, университет аумағында виртуалды ақшасы салынған картаны еркін пайдалана алатындығын естігенде еріксіз таңғалдық.  Сөз соңында Тенгиз «Назарбаев» Зияткерлік мектебіндегі білім үздік екенін, мектепті сағынғанын жасырмай, қысқы каникул уақытында міндетті түрде келетінін айтты.

Аружан Тұрсынханова, 11 «С» сыныбының оқушысы