Мектебімізде «Қазақстан әдебиетінің шетелде қабылдануы» атты ғылыми жинағының таныстырылымы өткізілді

Алматы қаласындағы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Шагимолдина Маржан Өмірханқызы мектебіміздің мұғалімдеріне 2023 жылы жарық көрген «Қазақстан әдебиетінің шетелде қабылдануы» ғылыми жинағы туралы баяндады.

Ғылыми жинақ 2 (қазақша, орысша) бөлімнен тұрады, жинақта 22 елден материалдар жинақталған, оның ішінде 14 алыс шетелдерінің (Австралия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Македония, Пәкістан, Польша, Румыния, Сербия, АҚШ, Түркия, Франция, Швеция) және 8 жақын шетелдерінің (Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Литва, Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Украина) материалдары жинақталған.

Ғылыми жинақтағы аударылған дереккөздерді зерттеу жалпы әлемдік үрдістер аясында қазақ әдебиетінің одан әрі дамуын болжауға бағытталған. Шагимолдина Маржан өзінің ғылыми жолы және тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдермен өзара пікір алысты.