Қош бол, алтын ұя мектебім!

Биыл мектебімізден 70 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Олардың 7 -і “Алтын белгі” -ге, 6 -ы “Үздік аттестат” -қа аяқтап отыр.


Атап айтқанда, Ермек Азбергенов, Дария Кайрханова, Диляра Уватаева, Адлен Ролланұлы, Мағжан Серікбеков, Амина Утегенова, Нурай Жумахановалар кеуделеріне “Алтын белгі” тағынса, Еркеназ Байжігіт, Айдана Испаева, Аделия Келсінғазина, Александр Грицай, Меруерт Мұқашева, Дина Ияшевалар “Үздік аттестат” иегері атанды.


– Бүгін біз үшін ерекше күн. Қуаныштымыз. Осы күнге жеткізген ата-анамыз бен білім берген ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алдағы өмірде білімімізді одан ары тереңдете отырып, еліміздің атын әлемдік аренадашығару жолында еңбек етеміз деген ойдамын, -дейді Еркеназ Байжігіт.