«Бақыт құшағында» жылулық сыйлайды

«Қоғамға қызмет ету» – мектеп құңдылықтарының бірі. Бұл жоба арқылы оқушылардың бойында көптеген дағдылар дамиды: жоспарлау, коммуникация, топта жұмыс жасау, көшбасшылық пен жоспарлау қабілеттері. Сонымен қатар жоба мейірімділік пен адамгершілікке үйретеді.


Мектебіміздегі «Бақыт құшағында» атты жобаның аясында қаламыздағы перинаталдық орталықпен соңғы 6 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Осы уақыт ішінде мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар арасынан мерзімінен бұрын туылған сәбилерге жасалған қамқорлық аз болған жоқ. Оқушылар мен мұғалімдер бос уақыттарында жүннен жасалған иірілген жіп жиынтықтарынан түрлі кеудешелер, жамылғы тоқып, сәбилерге сыйға тартып келеді. Игі дәстүр биылда жалғасын тапты. Бұл жолы біз 40 жиынтық сыйладық.


– Сіз өз қолыңызбен тігілген затты нәресте үстінен көргенде, кеудеңізді қуаныш кернейді. Өзіңіздің қоғамға пайда әкеліп жатқаныңызды түсінесіз. Өз басым осы жобаның бір бөлігі болғаныма өте қуанамын, – дейді 9 сынып оқушысы Айя Нұрғазина.


Шараға әркім қатыса алады. Мектебіміздегі “Шебер” кабинеті тоқуды үйретеді.
Сондай-ақ, мектепте пластикалық қақпақтар үнемі жиналады. Олар зауытқа қайта өңдеуге жіберіледі. Алынған қаражат науқас балаларды емдеуге жұмсалады.


«Қоғамға қызмет ету» жобасының үйлестірушілері