БІЗДІҢ ОРТАҚ БАЛАЛАР

            Дәл осылай аталған «Аралтөбе» шаңырағының  әлеуметтік жобасының түпкі идеясы – Семей қаласының мамандандырылған бала үйіне қолдау білдіру. Шаңырақ мүшелері оқу жылының алғашқы жарты жылдығында қажетті қаражатты жинау үшін мектепішілік жәрмеңкелерге белсене қатысты. Жоба мақсаты – оқушыларды мейірімділік пен жақын адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

            – Осы жобаның арқасында біз үшін барлық жақсылықты жасап отырған жақындарымызды бағалап, оларға деген құрметіміз арта түсті. Бүлдіршіндерді қуанта отырып, оларға қолымыздан келген қамқорлықты жасау бізге ерекше әсер етті. Алдағы уақытта бұл шараны жалғастыра береміз, -дейді 7 «С» сыныбының оқушысы Аида Оралханова.    

            Осы ретте жобаға қолдау білдірген шаңырақ мүшелерінің ата-аналарына айтар алғысымыз шексіз. Бала үйіндегі бүлдіршіндерге мемлекет тарапынан бөлек, жомарт жандардың көмегі мен мейірімі аса қажет. Әр бүлдіршін ата-анасымен бақытты болуға құқылы.