Кішкентай бөбектерге қарай қадам

Халықаралық шала туылған балалар күні қарсаңында «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында «28 ілмек » әлеуметтік жобасын іске асыру үшін қосымша білім беру педагогтары Гулмира Амирбековна, Каламкас Амангазиновна, куратор Айжан Абласкаровна және 9 «К» сынып оқушысы Нургазина Айя, шала туылған нәрестелерге арналған тоқыма жиынтықтарын беру мақсатында «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖК КМК-не барып қайтты. Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының, ата-аналарының, мұғалімдерінің, мектеп және жатақхана қызметкерлерінің қолымен жасалған барлығы 24 жиынтық пен 4 көрпе берілді.


Әлеуметтік жобаның мақсаты – салмағы 500 г болатындай балаларды жылыту үшін және жылуды сақтау, рефлекторлық массаж бен қозғалыс белсенділігін ынталандыру үшін киім тоқу. Жүн талшықтарының баланың аяғына үйкелуі – бұл аяқтың рефлекторлық аймақтарының табиғи массажы, ол тек жылыну ғана емес, сонымен қатар сергітетін және қалпына келтіретін әсерге ие. Бұл жағдайда нәресте қатты ұйқыға кетіп қалса да, дем алуды ұмытпайды.


Біздің мектеп 4 жыл бойы «28 ілмек» клубымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Көптеген қайырымды «перілер» еріктілер ретінде танылып, шала туылған нәрестелерге бұйымдар тоқу арқылы ата-аналарына көмек көрсетуде.


Перинаталдық орталықтың қызметкерлері біздің келуімізге риза болды. Шала туылған нәрестелердің көпшілігіне тоқылған киімнің қажет екендігін білу арқылы, біз клубқа демеушілер мен еріктілер керек екеніне көз жеткіздік. Сондықтан да біз шала туылған нәрестелердің туу мәселесінің өзектілігін арттыру қажет деп санаймыз, өйткені Қазақстанда жыл сайын 450 мың баланың 12% – ы шала туылған, олардың салмағы кейде 700 грамнан аспайды. Айтарлықтай, қазіргі таңда экология және т.б. проблемаларға байланысты адамдар шала туылған нәрестелерді дүниеге әкелу проблемасына тап болады және осы орайда ата-аналарға көмектесу мақсатында арнайы киімдер тоқитын еріктілердің рөлі ерекше.


Болашақта біздің жоба одан әрі дамиды деп үміттенеміз, сондай-ақ осы мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтардың саны артады деген ойдамыз.


Айя Нургазина,
9 «К» сыныбының оқушысы