Зияткер қыздардың баяндамалары үздік деп танылды

Мектебіміздің 5 бірдей оқушысының баяндамасы «Арман оқулары-2022» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияда үздік деп танылды. Шымкент қаласында өткен конференция “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, тарихи және табиғи объектілерді насихаттауды мақсат етті. Конференцияда «Кіші Отанның бірегей табиғи объектілері», «Өңірдің тарихи-мәдени мұрасы», «Аймақтың тарихы мен мәдениетінде із қалдырған адам» тақырыптарында 3 секция жұмыс жасады.

– Конференция «Арман» гимназиясында өтті. Аталған білім ошағы біздің мектеп сияқты ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептер тізіміне кіреді. Шара барысында «Уникальные природные объекты «малой родины»: Коныр-Аулие и Остров Полковничий» тақырыбында 9 сынып оқушысы Айым Тәңірберген, «Река Иртыш и сосновый бор как природные объекты города Семей» тақырыбында 11 сынып оқушысы Амина Баяшева (жетекшілері: А.Жекенова), «Исторические памятники Казахстана и перспективные туристические маршруты» тақырыбында 8 сынып оқушылары Айзере Мұратқызы, Айзере Раханова (жетекшілері: Н.Смагулова, К.Омарбекова), «Создание настольной игры «Прогулки по литературному Семею» тақырыбында 11 сынып оқушысы Еркежан Заманбекова (жетекшісі: С.Ертуганова) өз жобаларын сәтті қорғай білді, – дейді жоба жетекшілерінің бірі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Жекенова.


Конференция қорытындысы бойынша шәкірттеріміздің еңбегі жоғары бағаланып, І орынмен бірге «Үздік баяндама» дипломын жеңіп алды.