








Жуырда ұйымдастырылған жазғы мектеп аясында «ENACTUS NIS Semey» клубы STARTUP WEEKEND өткізді. Бұл жерде оқушылар өздерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамытып, жобаларын бастап, менторлармен қарым-қатынас орнатты.
STARTUP Weekend 10 күн өтті. Осы қысқа мерзім ішінде 18 қатысушы ENACTUS Shakarim командасының тәлімгерлерімен бірлесіп, 13 жоба бойынша жұмыс істеді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, өздерінің стартаптарын дамытуға 40 мың теңге көлеміндегі бас жүлдені жеңіп алу үшін күн сайын қажырлы еңбек етті.
10 күн ішінде қатысушылар мен ұйымдастыру комитетін жақындастыра отырып, топтық активитилер өткізілді. Осы шараларға Мадина Урдашева мен Аслан Төленов қатысып, балалардың жұмысқа деген ынтасын арттырды.
Іріктеуден өткен 13 жобаның 7-і ақтық сында таныстырылды. Қазылар алқасының құрамына ENACTUS SMU, ABU, Shakarim командаларының өкілдері, сондай-ақ Banzai кафесінің негізін қалаушы Аян Төленов кірді. Марапаттау рәсіміне бас демеушіміз – “Ақшың” корпорациясының президенті Марат Құрманбай қатысты. Құрметті қонақ ұйымдастыру комитетіне алғысын білдіріп, жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.
Қазылар алқасы шешімімен жүлдегер төмендегідей анықталды:
1.“Третий возраст” – Аязбеков Абданур, Аукенова Аружан, Айткалиева Нурай (40 000 теңге)
2.“Kwarktoys” – Жаңаберді Әсем (20 000 теңге)
3.“Пайдалы қоқыстар” – Асанов Әлішер (10 000 теңге)
Номинациялар:
“Ең креативті” – “Decoplast”, Жұмабаева Нұрай, Советханова Айназ (5000 теңге)
“Үздік бастама” – “MIZU”, Мұратбеков Нұрасыл, Әмір Әмірәли (5000 теңге)
“Өзекті идея” – “Қоғамдық ақылы дәретхана”, Самат Нұрдәулет (5000 теңге)
“Ең белсенді” – Құтымбеков Асылбек
Жазғы мектептің соңғы күнінде қатысушылар STARTUP WEEKEND туралы постерлер жасап, өзгелерге өздерінің алған әсерлері туралы айтты. Барлық жобалардың әрқайсысы болашақта елдің болашағын өзгерте алады.