Балаларға қуаныш сыйла

Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі «Балаларға қуаныш сыйла!» акциясы өтті. Аталған әлеуметтік акцияны педагог-ұйымдастырушы-кураторлар А.Сексенбаева мен Г.Жакееваның жетекшілігіндегі «Таңбалы тас», «Хан тәңірі» шаңырақтарының мүшелері, шәкірттеріміздің ата-аналары ұйымдастырды.


Акцияның мақсаты қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына жаңа жылдық тәттілер салынған дорбалар тарату. Сол арқылы бүлдіршіндердің көңілін аулау. Шәкірттеріміз дәл осындай отбасылардағы 85 баланың қуанышына ортақтасты.