Тәуелсіздік күніне арналған TEDx конференциясы

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 7-12 сынып оқушылары арасында “Тәуелсіздік- Еркіндігім! Қасиеттім! Қастерлім!” атты TEDx конференциясы өтті. Шара Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасымен бірлесе ұйымдастырылды.


Аталған мектептердің жатақханасында тұратын зияткер оқушылар Нұрай Бақытжанова, Жанел Әділғазина, Даяна Урзаканова, Аида Ермекова, Саина Әли, Нұртөлеу Оразқанов, Рахымжан Бектұрған, Еркеназ Байжігіт, Илья Похабов, Аянат Аязбаева, Жансая Жұмағалиева, Наиль Абданов, Шыңғыс Тоқанов, Алижан Қалдыбай Microsoft TEAMS бағдарламасында «Біз Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағымыз!», «Тәуелсіздікке жеткен жол», «The phenomenon of Kazakhstanis», «Тәуелсіздік- ащы термен келген жеңіс», «Тәуелсіздік- Ел тірегі», «Независимости и пьедестал», «Тәуелсіздік жетістіктері» сынды тақырыптарда өз оларын ортаға салды.


Сұрақтар қойылып, өз қолдауларын, бағаларын білдіріп те жатты. Конференция соңында ұйымдастырушылары қос мектеп жатақханасының тәрбиешілері Г. Дулатова, Г.Бектурова, Г.Нурлыбековалар сөз алып, тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтарға тілектерін білдірді. Шара «Тәуелсіз ел ұраны» ән-караокесін бірлесе орындаумен аяқталды. Қатысушылар осы сынды кездесулердің көп болуын қалайтындарын білдірді.

Г.Дулатова,
Г.Бектурова,
жатақхана тәрбиешілері