Жүрек жақсылыққа ашылады

Әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында «Маралды», «Алтай», «Алаш арыстары» шаңырақтарының мүшелері «Немере» балабақшасының бүлдіршіндері үшін «Жүрек жақсылыққа ашылады» атты тренинг өткізді. Мақсат – адами құндылықтар: жеке бас қасиеттер, дағдылар мен мінез-құлық, әдеттермен таныстыру. Шараға балабақшаның «Айгөлек» тобының 16 тәрбиеленушісі мен мектебіміздің 6 оқушысы қатысты.


Танысу «Досыңды шақыр» ойынымен басталып, «Жеміс салаты», «Тышқанның іні», «Бұзылған телефон» және «Смайлик» ойындарымен жалғасты.Ойынға қатысқан балапандар «Тышқанның іні», «Бұзылған телефон» ойындарының олар үшін өте қызықты болғанын атап өтті. Тренинг соңында балалар түрлі смайликтер арқылы эмоцияларын білдіріп, бір-біріне алдын-ала дайындалған сыйлықтарын тарту етті.


Мектебіміздің әрбір оқушысының бойына зияткерлік қана емес, рухани бай тұлға болып өсуіне мүмкіндік беретін адами қасиеттерді сіңіру маңызды.