Танымдық куратор сағаттары

Мектебіміздің 7 «С» сыныбы үшін химия пәнімен кіріктірілген кураторлық сағат өтті. Куратор А.Сексенбаева мен химия пәнінің мұғалімі А.Соболева бірлескен сабақ барысында оқушыларға пайдалы дағдыны үйретуді мақсат етті. Нәтижесінде шәкірттер ас содасы, тұз, лимон қышқылы, тағамдық бояғыштар, эфир майы сияқты қолжетімді өнімдерді пайдаланып ванна шарларын жасауды үйренді.


– Бұл мәселеде пропорциялар мен дәйектілікті сақтау өте маңызды, әйтпесе мүлдем басқа реакция болуы мүмкін. Кіріктірілген пән тәжірибе жүзінде білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, топтасып жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, бір-біріне қолдау білдіруге үйретті, – дейді сабақты ұйымдастырушылар.


Сондай-ақ, 7 «А» сыныбы үшін мектеп психологы Ә.Жоламановамен бірлескен кураторлық сағат өтті. Дастархан басында өткізілген интерактивті тренинг сабағында оқушылар өздерін толғандыратын тақырыптарды еркін атмосферада талқылай алды. Балалар күрделі жағдайдан шығудың жолдары туралы пікірлерін ортаға салып, өз кеңестерімен бөлісті. Ал мектеп психологы болса, сабақтың жалғасы ретінде жеке кеңес алуға шақырды. Шарада уақытты тиімді басқару, арнайы көруге ұсынылған мотивациялық бейнероликтер жайлы алған әсерлерімен бөлісті. Алда 7 сыныптар үшін шығармашылық сайыс, RedX конференциясы және басқа да іс-шаралар жоспарланған.