Нәрестелер «Бақыт құшағында»

«Бақыт құшағында» жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Ағымдағы оқу жылының басынан бері біз демеушілерді, мұғалімдерді, ата-аналарды тарта отырып, қайырымдылық жәрмеңкесін өткіздік. Одан түскен қаражатқа гипоаллергенді жүннен жасалған жіп сатып алдық. Осыдан кейін барып, дәл осы қайырымды жандар, ұстаздар, ата-аналар, сонымен қатар кейбір оқушылар шала туылған балаларға қажетті жылы жиынтықтарды тоқуға кірісті. Нәтижесінде бас киім, көйлек және шұлықтан тұратын 29 жиынтықты тарту еттік. Сыйға тартылған сыйлықтарымыз нәрестелердің ағзасына зиян келтірмеу үшін жуылып, кварцпен өңделген.


Жүн жіптен тоқылған киімдердің пайдалы қасиеттері қазірдің өзінде ғылыми дәлелденген. Олар нәрестенің бойын тез жылытып, ұйықтап кетуіне жол бермейді. Сонымен бірге олардың еркін тыныс алуы мен тамақтануына мүмкіндік береді. Шала туған нәрестелердің салмағы әдетте 900 граммнан 1800 граммға дейін болады.


Игілікті шараға атсалысып, қолұшын берген қайырымды жандар мен химия пәнінің мұғалімі Марсель Фульгенсио, қосымша білім беру пәнінің ұстаздары Қаламқас Аманғазықызы мен Гүлмира Әмірбекқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.


Ақлима Сексенбаева,
Педагог-ұйымдастырушы-куратор