«Көрісу күні» Амал мерекесі

Қыс ызғары кетіп, Жер Анамыздың тоңы жібіп, бәйшешек, тал бүр жаратын осы мезгіл «Көрісу күніне» дөп келеді. Дәл осы күні қазақ халқы ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем берген. Көрісу күні ағайынның өкпе-назы кешіріліп, бірі-бірінен кешірім сұраған, бір-бірі дастарханға шақырып, ағайын-туысқа амандық-саулық, құт-береке тілеген.


Мереке күні білім ошағымыздың оқушылары мен ата-аналары мектеп ұжымын құттықтады. Наурыз мейрамының бастамасы ретінде 8 сынып оқушысы Дариға Сейтқан ауылдағы әжесін құттықтап барып, көршілерімен, 9 сынып оқушысы Алихан Мұратқазы ата – әжесінің ризашылығына ие болып, батасын алған бейнероликтерін көрермен ықыласпен қабылдады.

Нұржанат Касимова,

Алмагүл Ибрагимова,

педагог-ұйымдастырушы-кураторлар