«Болашақты басқару: өзгерістерге жылдам және жеңіл бейімделу тәсілі» бағдарламасы

Мектебімізде 12 сынып оқушыларына арналған «Болашақты басқару: өзгерістерге жылдам және жеңіл бейімделу тәсілі» онлайн бағдарламасы өз мәресіне жетті. Аталмыш бағдарлама қашықтықтан оқыту ерекшеліктерін ескере отырып арнайы 12-сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білім алуға дайындау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-психологтарының бастамасымен әзірленді. Бағдарламаны біздің мектептің педагог-психологтары М.Кочетова, Ж.Мухаметкалиева, Ә.Жоламановалардың ұйымдастырылуымен өткізілді.
Бағдарлама мақсаты – оқушыларға жаңа ортаға тез бейімделуге, қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас орнатуға және алға қойған мақсаттарына жету үшін қажетті өмірлік білім мен практикалық дағдыларды игерту. Бағдарлама 12 сынып оқушыларында қоршаған ортадағы өзгерістермен байланысты өмірлік мәселелерді шешуге ықпал ететін практикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы бейімделу механизмдерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында 12-ші сыныптың оқушылары алты рет, арнайы тақырыптар бойынша кездесулермен жалғасты. Атап айтсақ: «Мен қарым-қатынаста қандаймын», «Қабылдаудың үш позициясы», «Менің арманым», «Менің тандауым», «Эмоцияларды басқару», «Менің мүмкіндіктерім». Әр кездесу өзіндік теориялық бөлімнен, мысалдарға негізделген практика мен өз бетінше орындауға арналған тапсырмалардан тұрды. Әрбір жаңа сабақ өткен сайын алдыңғы өткізілген тақырып бойынша өздік жұмыстарға негізделген талқыламар жүргізілді. Сонымен қоса арнайы пайдалы әдебиеттер тізімі, түрлі бейне-роликтер оқушыларға ұсынылды.
Білім алушылар өз кері байланыстарында қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасау, қазіргі өмірлік жағдайларды басшылыққа алып, олардың әлсіз жақтарын, ресурстарын және күрделі өмірлік мәселелерді шешу жолдарын түсіндік деп ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Әрине бұндай өмірлік сағаттар әр оқушы үшін ерекше пайдалы.


Психологиялық қызмет