Денсаулық күніне орай НЗМ оқушылары мен ата-аналары марафонға қатысты

Семей.09.09. «Semeyainasy» – Бүгінгі күні бүкіл қалада Денсаулық фестивалі аясында бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілуде. Белсенді қатысушылардың ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да болды.
8-ден 12-ші сыныпқа дейінгі 500-ден астам оқушы, сондай-ақ ата-аналар әр түрлі жаттығулар орындап, жарыстарға қатысты. Барлық жаттығулар аяқталғаннан кейін акцияға қатысушылар флеш-моб ұйымдастырды, оның барысында «спорт» сөзі бейнеленді.

Лариса Әбілқасымова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Бүгін мектепте жыл бойы өткізілетін спорттық жарыстар басталады. Мектептің дәстүрі бойынша – әр сенбі күні спорт күнін өткіземіз. Мұғалімдер мен оқушылар спорттық киім киеді, үзілістерде әр түрлі спорттық іш-шаралар өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты спорт арқылы топтық рухты қалыптастыру. Спорт адамның өмірінде маңызды рөл атқарады.Спортшы бола отырып, әртүрлі салалардағы биіктерге жете аласыз ».

Қазақстандық балуандардың бірі, «Қазақстан Барысы – 2014» жеңімпазы Мұхит Тұрсынов осы күні мектеп қонағы болып, қатысушыларға жеңіс пен спорттық жетістіктер тіледі.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанның барлық 20 НЗМ бірдей спорт күнін өткізеді.

Абылқасымова Алтынай

http://semeyainasy.kz