Тимбилдинг татулыққа шақырады

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен елімізге керек. Сол кезде ғана бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болғанда ғана табысты жүзеге асады» делінген.


Ұлт Көшбасшысының осы сөзін ескере отырып Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі шаңырақтары арасындағы ынтымақтастық, бірлік құндылықтарын нығайту мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» атты тимбилдинг өткізілді.

Онлайн форматта Teams платформасында ұйымдастырылған тимбилдингке 15 шаңырақ, 620 оқушы қатысты. Шараны ұйымдастырушы шаңырақ координаторларлары, педагог-ұйымдастырушы куратор Нұргүл Сұлтаева мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Күләш Найманованың айтуынша, негізгі міндет – шаңырақ қауымдастықтары арасындағы өзара таныстықтарын қаншалықты жүзеге асыра алғандығын анықтау.

Нәтиже жаман емес. Өйткені, әр шаңырақтың өзара жақсы қарым-қатынаста екендігі анықталды. Тимбилдинг барысында шәкірттеріміздің кері байланысынан бір-бірлерін жақынырақ танығандары, уақытты тиімді пайдаланатындықтары жайлы ақпарат алдық. Демек, қолға алынып, жүзеге асып жатқан жұмыстарымыздың дұрыс бағытта екенін көре аламыз.


Н.Сұлтаева,
Педагог-ұйымдастырушы-куратор