Желілік кезең жүлдегерлері

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалардың сайысының желілік кезеңі өтті. Жобаларды қорғау Microsoft Teams платформасы арқылы жүзеге асып, жас зерттеушілер өз еңбектерін әділқазылар назарына ұсына алды. Сонымен бірге жасаған жұмыстары жайлы қазылар тарапынан қойылған сауалдарға да тікелей жауап берді.

Биылғы желілік кезең сайысына еліміздің әр аймағындағы Зияткерлік мектептерден 200 жоба ұсынылды. Түрлі тақырыптарды қамтыған жас зерттеушілердің еңбегін бағалау да қазылар алқасына оңай болған жоқ. Өйткені, жобалардың барлығы өмірлік маңызы зор, бүгінгі қоғамға қажетті жаңа дүниелер. Дегенмен, 95 жоба желілік кезеңнің жеңімпаздары әрі жүлдегерлері болып танылды.

Осы жүлдегерлердің арасынан біздің мектеп оқушыларының ұсынған 5 жобасы да танылып, мектеп ұжымын қуантып отыр. Атап айтқанда, 2-ші орынға бойынша «Особенности функционирования языка эмодзи в сетевой коммуникации» жобасымен 10 сынып оқушысы Ясмина Бакенова, 11 сынып оқушысы Іңкәр Рахановалар ие болды. (Жетекшісі А.Бодеева).

Жүлделі үшінші орынды «Биогаз қондырғысы» жобасымен 10 сынып оқушылары Айбек Болатбеков пен Адлен Ролланұлы (жетекшілері: А.Андакаева, Р.Смагулова, С.Анибаев), «AutoECOcap» жобасымен 11 сынып оқушылары Аружан Тоқанова, Айбек Серікқали, Мирас Мұратханов (жетекшілері: А.Сулейменова, Б.Орынбаев, С.Анибаев), «Математическое моделирование работы ветроустановки вертикального типа» жобасымен 12 сынып оқушылары Сағидолла Құдайбергенов пен Нұртілеу Ережепов (жетекшілері: С.Маметреева, А.Андакаева, С.Анибаев), «Жердің озон қабатын қалпына келтіру» жобасымен 10 сынып оқушылары Мағжан Серікбеков пен Диас Маратовтар (жетекшілері: Р.Смагулова, Ш.Таласпаева, С.Анибаев) жеңіп алды.

Шәкірттеріміз енді республикалық сайыстың 3 – ші кезеңінің 1-ші туры тестілеуге қатысады.

Баспасөз қызметі