Оқушылар GIN –де бас қосты

Мектебімізде GIN  клубының кезекті конференциясы ұйымдастырылды. Онлайн форматта өткізілген конференцияға клуб мүшелерінен бөлек, шаһарымыздағы  пилоттық мектеп шәкірттері де қатысты. Конференция барысында Семей қаласына қатысты 9 жоба көрсетілді. Олардың дені экология, қоршаған ортаға байланысты. Сонымен бірге ұсынылған жобалар арқылы оқушылар әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелерді де бірлесе шешуге шақырған сүбелі еңбектер бар.

– Біздің клубтың өзінің алдына қойған 17 мақсаты бар. Біз осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып, зерттеу, талдау, қорытындылау жұмыстарын жүргіземіз. Мектеп жасында болсақ та, өз айналамызға, қаламызға, елімізге, тіптен әлемге ортақ болып табылатын өткір жайттарды ортаға салып, оның алдын-алудың жолын ұсынамыз. Осылайша, қоғамға аз да болсын пайдамызды тигізгіміз келеді, – дейді GIN  клубының мүшесі Аружан Мүбәрак.

Клуб өтпелі жыл еншісінде көптеген істерді атқарып үлгерді. Мәселен, “GIN:Bake sale” жәрмеңкесін өткізді.  Алғаш  рет “GIN&TEDx conference” коллаборациясы болып,  онда 7-11 сынып оқушылары 17 тұрақты даму мақсаттарының аясында жұмыс жүргізді. “Adal volunteers club” және мектеп мұғалімдері арасындағы еріктілерімен байланыс орнады. Бірлескен жұмыстар атқарылды.  «Plastic bottles recycling & Double portion of kindness» жобаларын жүзеге асыру барысында мектептегі қағаз жәшіктерді темірге ауыстырды. Оған 7 сынып оқушылары да еріктілер ретінде көмектесті.

Ал конференция барысында пилоттық мектеп шәкірттері: Чистота в каждый двор” ; “Жақсылық зая кетпейді” ,”ЭКО біздің өмірімізде”, өз шәкірттеріміз :”Heart of Happiness”,” Child Smile”,” Zaman”,”We are together”,” Children are flowers of life”,”In the arms of kindness” атты жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Конференцияға қатысушылар өз жобаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қорғап, тілдік қолданыс аясының кеңеюіне де атсалысты. Жобаларды қорғау барысында оқушылар өздерінің зерттеу нысаны жайлы кеңінен мағлұмат беріп, болашақ жоспарларымен бөлісті. Қызыққан кез-келген адам @nissgin парақшасына ену арқылы өздерін қызықтырған ақпаратпен таныса алады.

Баспасөз қызметі