Ас мәзірін үйренеміз

Жазғы мектебіміздің екінші күні «Рататуй» күні деп аталды. Шәкірттеріміз  кесте бойынша сабақтарға қатысты. Тәлімгер сағатында әр топ өз топтарында аспаздық шеберліктерін көрсетті. Аспаздық күні болғандықтан оқушылар түрлі тағамға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Үйде өздері дайындаған жұмыстарымен таныстырып, әзірлеген ас мәзірлерін көрсетті. Олардың жасалу жолдарымен бөлісті. Басқа топ шығармашылық топ мүшелерінің дайындаған критерийлері бойынша бағалау жүргізіп, өз ойларын білдірді. Критерий бойынша безендіруге, таныстыруына, жасаған тағамының күрделілігіне сай ұпайлар берілді. Балалар өздерінің бүгінгі күнгі әсері бойынша ойларын ортаға салды. Отбасы мүшелеріне ас дайындап, көңілдерін көтергендеріне риза болғандықтарын айтты. Сабақ соңында ертеңгі күнге шығармашылық тапсырма алып тарасты.

Меруерт Биахметова,
Ұйымдастырушы-педагог-куратор