«А зори здесь тихие» повесін оқығаннан кейінгі ой

Жеңіс күні қарсаңында мен Борис Васильевтің “А зори здесь тихие” повесін үлкен қызығушылықпен оқып шықтым. Бұл кітаптың экранизациясын көргеннен кейін ол маған бұрынғыдан да ерекше әсер етті. “А зори здесь тихие” кинокартинасы халық қаһармандығы тақырыбына арналған. Фильмде сол қорқынышты уақыттың барлық мәнін ашатын Ұлы Отан соғысының бірнеше күндері көрсетіледі.

1942 жылдың мамыр айы. Басты кейіпкерлер: Лиза, Соня, Галя, Женя, Рита, әскери қызметке келеді. Рита, бөлімше командирі,өз еркімен тыңшылық сапарға шығып, екі фашист-диверсантты табады. Жауды зиянсыздандыру туралы бұйрық алғаннан кейін, зенитшілер старшина Васковтың басшылығымен жергілікті маңызы бар ұрысқа түседі, ол Отан үшін ерлік болады!

Фильм маған керемет әсер қалдырды. Мен басты кейіпкер қыздар қуанғанда олармен бірге күліп, рухы күшті зенитшілер әлсіреген уақытта бірге жыладым. Мен олардың қорқыныш пен сағынышын, жақынын жоғалтқан сәттегі қайғысын бірге сезініп, солармен бірге болғандай әсер алдым.

Фильмнің режиссері С. Ростоцкий жас қыздардың өмірін көрсете отырып, көрерменнің бүкіл жан дүниесіне ерекше әсер ете алды. Бұл фильмді көре отырып, бес түрлі адамның өмірімен сүргендей болдым. Бұл ұлы режиссердің ұлы еңбегі. Фильмнің басында, қыздар ауылға келген уақытта олармен бірген, біз де құстардың әнін, сағаттың тықылын, судың сылдырын естиміз. Бұл ерекше тыныштық сезімін тудырады. Бірақ сол тыныштықты атылған мылтықтардың оғы мен жарылыстар бұзады. Мұндай контраст көрерменге шайқас алаңында болған қорқынышты сезінуге мүмкіндік береді.

Фильмде соғыс уақытының кадрлары тек қара мен ақ түсте түсірілген, ал қыздардың бейбіт өмір туралы естеліктері жарқын түстерге толы. Менің ойымша, автор соғыс тек ақ пен қарадан тұратынын олар – жақсылық пен жамандық екендігін айтқысы келген сияқты. Соғыста сезімге, эмоцияларға, бақытқа орын жоқ! Ақ-өзіміз, қара-жаулар ғана.

Бұл керемет фильм мені көп нәрсе туралы ойлануға мәжбүр етті: шынайы махаббат, адал достық, соғыстың қаншалықты аяусыз болатыны туралы. Фильмнің кейіпкері өздерінің туған-туыстары үшін күресіп, туған үйіне деген махаббат оларды күшті етті. Олар туған жерін қорғау жолында фашисттердің қолынан қаза тапты. Олар өз өмірін отбасын құрып, бала тәрбиесіне арнай алмады. Әдемі, жайдарлы, нәзік қыздар бейбіт күн үшін ерлік көрсетіп, ұрыс даласында қалды.

Мен бұл фильмді жас көрермендерге көруге ұсыныс білдіремін, өйткені олар Жеңістің қалай келгенін,оның қаншалықты қымбат екенін түсініп, бүгінгі бейбіт күн үшін жандарын берген қаһармандардың есімдерін мәңгі естеріне сақтауы тиіс!

 

Адальят Миятова,
10«С» сынып оқушысы
Құралай Омарбекова,
жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі