Уақытты қалай үнемдедім?

Мектебімізде 10– сыныптар үшін «Уақытты қалай үнемдедім?» тақырыбына өзін-өзі пәнімен кіріктірілген куратор сағаттары өткізілді.  Куратор сағаттары   метокогнитив әдісі  бойынша  «Мен таңдаған жол» кіріктірілген кіші жобасы аясында ұйымдастырылды.  Сабақ оқушылардың уақытты  тиімді пайдалану туралы білімдерін кеңейту, алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын дамыту мақсатын көздеді. Сабақ барысында оқушыларды ұйымдастыру мақсатымен шаттық шеңберінде «Қайран уақыт» әні караокеде орындалды. Көңіл-күйлері көтеріліп, сабақ тақырыбын анықтаған оқушылар «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлінді. Оқушылар құрастырған сурет бойынша идеяларын беру арқылы креативті ойларын дамытты.  Мысалы, оқушылар суреттегі үкіні  даналық, қырағылық десе, кей оқушының сабаққа дайындалуы деп көрсетті. Суреттерді құрастырып, «ассоциация» әдісі арқылы  негізгі ойды түсінді.

Уақытты  үнемдеудің тиімді жолдарын бейнефильмнен қарап әр оқушы өз ойын, идеясын ұсына алды. Берілген бейнематериалды мұқият тыңдап, маңызды ақпаратты белгілеп отырды.  Ақпараттардан хронофагты жою, хронометраж жасау жолдарын іздеді. Күрделі істердің мәселесін «Кірпі», «Қызанақ», «Піл» әдістері,  «Бақаны жеу» сияқты қызықты әдістермен шешуге болатынымен бөлісті. SMART принципінің арманның  нақты мақсатқа айналуына  ықпал ететіндігі айтылды.

Негізгі ақпараттарды қолдана отырып, «Досыма көмектесу арқылы өзіме қалай көмектесемін?» тақырыбында уақытты қалай тиімді үнемдеуге ыңғайлы жоба жұмыстарын  ұсынды. Оқушылар мәселенің көбі уақытты дұрыс пайдаланбағандықтан туындайтынын айтып, тайм-менеджментті сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Сарапшы оқушылар жоба жұмыстарына берілген критерий бойынша мақсаттың айқындығына, факт көрсетілгеніне, шығармашылықпен, креативті  жасалғанына баға берді. Топтық жұмыс барысында көмек қажет ететін оқушыларға бағыт –бағдар берілді. Оқушылар «Journal planner», блокноттарына жоспарларын жазып жүретіндіктерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «SWOT-талдау» әдісінде оқушылардың пікірінен білімдерін саралай білу дағдылары мен тақырыпты меңгергендерін бағалауға мүмкіндік беретіні байқалды. Сабақ қорытындысы бойынша оқушылардың қарым-қатынасы, ақпарат іздеу,  өз ойларын білдіру сияқты дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алады.

А.Ибрагимова , Н.Сұлтаева, М.Имангаликова, М.Қажыкенов,
 педагог-ұйымдастырушы-куратор
К.Найманова ,
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі