7 сыныпқа қабылдау рәсімі

Мектебімізде  7-ші  сынып оқушыларын мектепке бейімделу бағдарламасы аясында қабылдау рәсімін мектеп психологтары және  сынып кураторлары ұйымдастырды. Шараның мақсаты оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту, белсенді, ұйымшыл болуға, жаңа бастамаларды орындауға тәрбиелеу.7 сынып оқушылары өздерінің ата-аналары және кураторларымен бірге, мектептің  спорт алаңында көтереңкі көңіл-күймен жиналды. Мереке  басында  әр сынып өздерінің әнұрандарын дайындап, көрермендерге көрсетті. Сыныптардың кураторларына да арнайы дайындаған ойындар ұйымдастырылды. Әр сынып өз кураторына үлкен қолпаштау көрсетті.   Мереке сыныптастардың ұжымдаса, бірлесе отырып, командадалық түрлі ойындармен жалғасты. Мерекенің екінші бөлімі  мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова және ата-аналардың   құттықтау сөзімен  жалғасты.  Мерекенің сонында оқушылар  өз тілектерін айтып,  аспанға шар ұшырды.  Мерекелік күн әрбір оқушы үшін мазмұнды болды, сонымен қатар жағымды әсер қалдырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Біздің мектепке қабылданып, қиын да, қызықты өмірдің табалдырығын аттаған оқушыларға сәттілік тілейміз.

Психологиялық қызмет