Семейлік оқушылар «Discover Kazakhstan» сайысына қатысты

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастырған  «Discover Kazakhstan» (Қазақстанды жаңа қырынан танып біл) ағылшын тілінде эссе жазу сайысында жақсы нәтижелерімен көзге түсті. Еліміздің орта білім беру ұйымдары мен  Зияткерлік мектептердің 9-12 сынып оқушылары арасында өткізілген сайыста қатысушыларға  «Жастар – қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші» («Рухани Жаңғыру») және «Астана – Евразияның бизнес, мәдениет және ғылыми орталығы» тақырыптары ұсынылды. Жалпы аталған сайыстың мақсаты – Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа ашу, шетелдік азаматтарды мәдениет, дәстүрлер, климаттық жағдайлар, әлеуметтік-саяси жүйе, экономикалық даму, Қазақстанның жетістіктері туралы студенттердің санасын және азаматтығы деңгейін анықтау болып табылады.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 4 – күні мектебімізде лездеме өтіп, аталған сайысқөа қатысып, жүлдегер атанған, сонымен бірге сертификатқа ие болған шәкірттеріміз марапатталды. Олардың қатарында 12 «К» сыныбының оқушысы Назым Ғадылбекова, 10 «В» сыныбының оқушылары Дильназ Дүйсенғалиева, Алина Серік сертификатқа ие болса, 10 «В» сыныбының тағы бір оқушысы Алтынай Сыдықова 3 орынға ие болды. Оқушыларға өз эсселері енген «Discover Kazakhstan» шығармалар жинағы сыйлық ретінде табысталды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
 Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі