Коммуникативті ойындар

Лингватаун-ағылшын тілін үйренуге құлшынысы барлар жианалатын орта. Əр жұма кездесіп, жаңа білім алуға тырысамыз. 15 ақпанда біз кезекті кездесуді ұйымдастырдық. Кеш ойын түрінде өтті. Кешті мен Айдана Шағманова екеуміз ұйымдастырдық. Оқушыларды түрлі түсті бейнелер арқылы 3 топқа бөлдік. Алдымен қонақтарымызды тақырыбымызбен таныстыру үшін “Құлақ, иық, шынтақ” ойынын ойнадық.Оқушылар негізгі ойды түсінгеннен кейін басқа ойындарды асыға күтті. Біз ұзақ тостырмай, бірден əр топқа бір ойын түрін беріп, станция арқылы бөлдік. Алғашқы станция “Орныңды ауыстыр” деп аталды. Балалар ағылшын тілінде сөйлем айтып, түрлі сұрақ қойды, ал келіскендер орнын ауыстырды. Осы арқылы тек сөз байлығын емес, жанындағы адамдар жайлы көбірек біле алды. Екінші станция “Менің ерекшелігім” деп аталып, тек ағылшын тілін білуге емес, өзіннің ерекше қасиеттеріңді түсіне білуге үйретті. Үшінші станция “Жұлдызды тап” болды. Бұл ойында оқушылар арқасында жазылған жұлдызды сұрақтар арқылы жауап табуы қажет. Сонымен қатар, оқушылар сұрақты қалай сауатты қоюға үйренді.
Бұл кешті өзіміз ұйымдастырғандықтан естен кетпес оқиғаның бірі болып қалары анық. Лингватаунға келуші балалармен дос бола жүріп, жаңа сөздерді үйретіп қоймай, өзімізде үйрене  алдық.

Аружан Мүбәрак,
9 «А» сынып оқушысы