Тәрбиеленушілеріміз “Музей түні” шарасына қатысты

Мектеп жатақханасының 7-8 сынып оқушылары Өлкетану мұражайына барып қайтты. Сапарымыз «Музей түні» мерекелік акциясымен тұспа-тұс келіп, мұражай ұжымы арнайы дайындаған бағдарлама бойынша өтті. Шәкірттеріміз «Көне алтын», «Әйнек тарихы», қолөнер шеберлері бұйымдарының көрме жәрменкесі, «Қиял әлемі» балалар шығармашылығы көрмелері, концерттік бағдарлама және Бард ақындар концертін тамашалады. Сондай ақ «Құмыра жасау», «Петроглиф таңбалау» сынды шеберлік сағаттарына қатысты.


Бағдарлама барысында өткен «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Күш атасын танымас», «Садақ ату» жарыстарына белсенділікпен қатысып, осы өнерлердің қыр-сырын меңгерді.
«Туған өлке тарихы» викториналық сайысына қатысқан Нұралы Жолдаспеков І орын, Бақтияр Қадышев ІІ орын, Нұрай Бақытжанова ІІІ орынға ие болды.


К.Касимова, Ш.Кудайбергенова,
жатақхана тәрбиешілері