Суреттер де сөйлейді

Art Studio – бұл шығармашыл балаларды біріктіретін, олардың сурет салу дағдыларын дамытуға, жұмысымен бөлісуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін жазғы мектеп курсы. Курс сабақтарында оқушылар өнер тарихына қанығып, акварель бояуларын, кескіндеме техникасын, пропорцияларды және адам анатомиясын игерді. Сонымен қатар веб-дизайнер мен сәулетшінің шығармашылық мамандықтары туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.


Әр сабақта мектебіміздің дарынды балалары жас суретшілерге шығармашылықтың әр түрлі бөлімдері туралы теориялық материалдармен таныстырып, бірлескен тәжірибе жүргізді. Семей қаласының НЗМ түлегі, Астана IT университетінің студенті Назира Қадыровамен кездесуінде шығармашылық мамандықтарға түсу ерекшеліктері туралы маңызды ақпарат алды.


Сабақтар жағымды атмосферамен, әрқайсысының сурет салу стилінің ерекшелігімен және өнер әлемін білуге деген құштарлығымен есте қалды. Онлайн форматтағы қиындықтарға қарамастан, балалар сабақтарға белсенді қатысуға тырысты, және курс ұйымдастырушылары болашақта оларға көмектесетін жоғары сапалы кері байланыс берді. Біздің студенттердің одан әрі дамуы үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін атап өткен жөн. Біз болашақта олардың мықты суретші бола алатынына сенеміз.


Баспасөз қызметі