Виртуалды мектеп

Назар аударыңыз! НЗМ оқуға түскісі келетін үміткерлер үшін!

 Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 5-сынып оқушылары үшін «Виртуалды мектеп» жобасының аясында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы қосымша оқытуды ұйымдастырады. Берілген оқыту тапсырмаларды алып орындауға, әдістемелік материалдарды қолдануға және желілік мұғалімнен онлайн режимінде  кеңес алуға мүмкіндек береді.

Виртуалды мектепке жазылғысы келетін 5-сынып оқушыларынан 2023 жылдың 27 наурызынан 14 мамырға дейін vs.nis.edu.kz сайтында тіркелуін сұраймыз.

Виртуалды мектеп мен Каникулярлық мектептің басты мақсаты: оқушыларға кезекті тегін тестілеуге дайындық барысында қолдау көрсету болып табылатын жобалар және бұл жобаларға қатысу тестілеудің нәтижелеріне әсер етпейді.

Виртуалды мектептің жұмыс кестесі:

5-сынып оқушыларын тіркеу2023 жылдың 27 наурызынан 14 мамырға дейін
Пәндер бойынша оқыту, ағымдағы бағалаудың тестілеу тапсырмаларын орындау2023 жылдың 10 сәуірінен 14 мамырға дейін
Қорытынды тестілеуден өту (Каникулярлық мектепке қабылдану үшін)2023 жылдың 08 мамырынан 14 мамырға дейін

Каникулярлық мектепке қатысу үшін келесі оқушылар шақырылады:

  • Виртуалды мектепте оқытудан өткен және оқытудың нәтижелері бойынша әрбір пәннен 50 және одан да жоғары ұпай алғандар;
  • Зияткерлік мектептердің бейінді пәндер бойынша тестілеуінен өткендер;

5-сынып оқушылары үшін Каникулярлық мектепте оқытудың мерзімі – жазғы демалыс кезінде (2023 ж. мамыр-маусым)

Виртуалды мектеп мен Каникулярлық мектеп жайлы қосымша ақпаратпен www.nis.edu.kz ресми сайтындағы «Үміткерлерге» деген бөлімде немесе 8 (7222) 63-63-50 нөмірі арқылы таныса аласыздар.

Ескерту: Логин мен құпиясөзіңізді жазып алып, жоғалтпауыңызды өтініп сұраймыз.