Халықаралық «Ризашылық» күні

Халқымыз тумысынан кез-келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған. Ол әдетіміз әдепке айналған. Қайырымды істің қарымы ретінде осы бір сөзді естісек, төбеміз көкке екі елі жетпей разы болып қалатынымыз жасырын емес. Күнделікті өмірде “рахмет” сөзін жиі қолданамыз, бірақ өзіміз байқай бермейміз. «Рахмет» сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Бір-бірін қаншалықты сыйлайтындығын дәлелдейді.

Мектебімізде 1-наурыз күні Халықаралық «Ризашылық» күні ерекше аталып өтті. Ұстаздар және оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, рахметтерін жаудырды. Осы күні арнайы «Ризашылық білдіру» медальондары даярланып, ұстаздар мен оқушылар бір- біріне алғыстарын айтып, жақсы көңіл -күй сыйлады.

Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар. Ғалымдардың айтуынша, рахмет айту – адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Орыстың “спасибо” сөзі 16 ғасырда «спаси Бог» дегеннен шыққан екен. Ағылшындардың «Тhank you» тіркесі де жай алғыс айту сөздері ғана емес екен. Осыған қарап, қай тілде болмасын, «Рахмет» сөзі әр халықтың тіл мәдениетінде үлкен орын алатыны көрінеді.

Осындай игі ісіміз бен рахметіміз таусылмасын!

Психологиялық қызмет