«Тұлғаның коммуникативтік қасиеттері» атты кіріктірілген сабақ

[metaslider id=”8680″]

12 желтоқсан күні мектеп кітапханасында 8 «В» сыныбы оқушылары үшін  «Тұлғаның коммуникативтік қасиеттері» тақырыбында психологтың, куратордың және кітапханашының ұйымдастыруымен  кіріктірілген сабақ өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар кәріс жазушысы Чан Ен Хидің «Өмірімде тек бір рет қана» атты әңгімесі бойынша тапсырмалар орындады. Сондай-ақ, кездесу барысында балалар «Тұлғалар» атты ассоциациялық метафоралық карталармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бұл портрет колодасы жасы, әлеуметтік жағдайы, эмоционалдық күйі және мінез-құлқы әртүрлі адамдардың суреттерінен тұрады. Оқушылар бұл кейіпкерлердің қарым-қатынасын көрсету арқылы әртүрлі адамдарды түсіне алуға және түрлі адамдармен тіл табысуға мүмкіндік берді. Сабақ бәріне ұнады, оқушылар басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы кеңестер алды.

Әлия Жоламанова,
педагог-психолог
Шолпан Сүмбебаева ,
педагог -кітапханашы