«Алтын таға» ойыны

Жазғы мектептің   әр күні қызыққа толы, бірі – біріне ұқсамайды.  Мәселен, біздің  үшінші күніміз ерекше көңіл күймен  басталды. Оның басты себебі, оқушылар өз араларындағы 3 бірдей құрбы-құрдастарын туған күндерімен барлығы бір кісідей құттықтады. Осының өзі шәкірттеріміздің өзара сыйласымдылықтарын білдіреді.
Одан әрі оқушылар күнделікті дәстүр бойынша ырғақты би биледі.  Ол аяқталысымен еріктілер тобы жиналғандарға «Алтын таға» ойынының өтетіндігін айтып, әр топқа жол жүру картасын таратты. Зияткерлі және сын тұрғысынан жылдам ойлап, шешім қабылдауды көздейтін ойынға 16 топ қатысты. Олар үшін арнайы 16 бекет орнатылып, әр бекетте тапсырмалар жасырылды. Ойын шарты бойынша оқушылар бекеттегі тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда ғана картаның бір бөлігін ғана алуға рұқсат. Ал ойынға қатысушылар болса картаның барлық бөлшегін тауып, құрастырулары шарт. Картаның әр бөлігінде жасырын сандар белгіленген. Сандар толық жиналысымен, оларды әліпбимен сәйкестендіре отырып, «Алтын таға» жасырылған жерді табады.
Міне осындай қиындықтар мен кедергілерді жеңе білген командалардың үздігі ретінде «MUN 2» және «Дизайн мышление» тобы танылды. Сонымен қатар оқушылар шығармашылық курстарда дәмді тағамдар әзірлеп, сән әлемінің соңғы үлгілерімен танысты.

Ақлима Сексенбаева,
педагог-ұйымдастырушы-куратор