Кітап әлемді бағындырады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен  “23 cәyip Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық” мерекесі  аясында  «Кітап әлемді бағындырады» атты жыл сайын дәстүрге айналған жоба ұйымдастырылды.
Осы мерекеге орай мектебімізге атақты жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Атилла» медалінің иегері, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтанбеков Мұрат Рақымжанұлы ағамыз келіп, әңгіме сұхбат беріп қайтты. Оның шығармашылығының ерекшелігі – қазақ және орыс тілдерінде қатар жазады. Ол еліне, туған жеріне ерекше сезімін өлеңдеріне арқау етіп қана қоймай, балалары мен немерелерін отансүйгіштікке баулиды. Ол шығармашылықпен айналыса жүріп, жастармен кездесуге уақыт тауып, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп қайтты.   Жалпы акцияға оқушылар мен мұғалімдерді қоса алғанда 318 адам қатысты. Акция ережесі бойынша  жобаға қатысқысы келетін оқушы немесе мектеп қызметкері берілген сілтеме арқылы сауалнама өтуі тиіс. Сауалнамада әр қатысушы өзі туралы ақпарат жазып, телефон нөмірін немесе поштасын көрсетеді. Педагог-кітапханашылар көрсетілген телефон нөміріне өз нөмірі және құпия досының нөмірін хат арқылы жолдайды.Әр қатысушы оқығысы келетін үш кітапты жазу керек, әр қатысушы үш кітаптың біреуін өз құпия досына  сыйлық жасай алады. Сыйлық жасаушы құпия досының есімі тек оны табыстау барысында білгендігі көптеген оқушыларға қызықты болды. Акция барысында оқушылар мен мектеп ұстаздары өздерінің көңілдерінен шыққан кітаптарды сыйға алып, бір біріне жылу мен қуаныш сыйлады.

Әлия Қалдыбаева,
Педагог-кітапханашы