Біз құстарға қамқормыз

Биылғы оқу жылында мектебімізде әлеуметтік жоба жұмысы GIN жобасы аясында ұйымдастырылды. Әрбір сынып өзінің жобаларын анықтап, жыл бойы жұмыс жасады. Сондай жобаның бірін біздің сыныпта ұйымдастырып өткіздік.
Жануарлар – әлемнің бір бөлшегі. Жануарларсыз жер ғаламшары оттегісіз ауамен тең. Яғни, оттегісіз ауамен дем ала алмайтынымыздай, хайуанаттарсыз жер шарының маңызы да болмас еді. Үздік істің бастауы алғашқы қарапайым қадамнан жалғасатынын ескере отырып, жануарларға көмекті құстардан бастадық. Қазіргі ауа райының қолайсыздығына орай, құстардың ұясыз жүргендері жанымызды ауыртады. Осыған орай, сыныптастарымызбен бірлесе құстарға көмек ретінде үйшік жасап, қаламыздың Биологиялық орталығына барып ілдік.  Енді құстардың қауіпсіз жылы мекенінде тіршілік ететініне көз жеткізіп, алдағы уақытта басқа да жануарларға қол ұшын созамыз деген ойдамын.
Биологиялық орталықтағы әр жануар өзіне тән табиғатымен ерекшелінеді. Соған орай күтімдері де өзгеше. Оларға жақсы деңгейде күтіммен қараған орталықтағы қызметкерлердің жұмысы- әрбір азамат үшін үлгі тұтарлық іс.

Еркеназ Ардаққызы,
9 «К» сынып оқушысы