Үстіміздегі айдың 20 –шы жұлдызы наурыз мерекесіне орай психологиялық қызмет және өзін-өзі тану пән мұғалімнің ұйымдастыруымен «Бақыт» күні өткізілді. Оның себебі, дәл осы күн жер шарында «Бақыт мерекесі» деп белгіленген. Халықаралық шараға мектеп ұжымы да белсене қатысты.
Мереке «Сіз үшін бақыт не?» деп аталатын ойыннан басталды. Ойынға қатысқан ұстаздарымыз бақытты отбасы амандығы, табысты жұмыс, шәкірт жетістіктері, өзара түсінушілік, мықты денсаулық арқылы сезіне алатындығын атап өтті. Мереке одан әрі «Бақытты шар» ойынымен жалғасып, ұстаздар көңіл күйлерін көтере отырып, топтарға бөлінді. Шығармашылық бұрыштарда ұстаздар «Бақыт мәзірін», «Интуитті сурет», «Мандала терапиясы», «Үстел ойындары», «Метафоралық ассоциативті карталарымен» жұмыс жасады.
Келген қатысушыларға арнап «Бинго» лоторея ойыны өткізілді. Бақытты 10 қатысушы арнайы сыйлықтарға, өзгелері тосын сыйға ие болды. Мерекелік кеште ұстаздар «Бақыт құсы» әнін бірге орындап, естелік суреттерге түсіп, позитивті көңіл-күймен жылы лебіздерін білдірді.
Әлия Жоламанова,
Психологиялық қызмет