Біздің мектеп – ғылыми жобалар ордасы

Үстіміздегі жылдың  24 ақпанында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Шәкәрім оқулары» ІІІ қалалық ғылыми конференциясын өткізді.  Конференцияның мақсаты: оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына машықтандыру және оқушылардың зерттеу жұмыстарын насихаттау. Конференция физика-математикалық, жаратылыстану, экономикалық,  педагогикалық, инженерлік, аграрлық, гуманитарлық ғылымдар және информатика және ақпараттық технологиялар, филология бағыттары бойынша өткізілді. Еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген конференцияға 24 мектеп пен 15 колледжден жиыны 300 –ден астам жас зерттеушілер қатысты. Ғылыми конференцияға қатысуға Семей қаласындағы физика –математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 28 оқушы өтініш білдіріп, өздері әзірлеген 25 жобаны қорғап шықты. Конференция нәтижесі бойынша 9 оқушымыз І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.

Баспасөз қызметі