СІЗДІ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Сіздерді 2024 жылғы 3-14 маусым аралығында өтетін Жазғы мектебімізге қатысуға шақырамыз! Жазғы мектеп таланттарды ашуға, жаңа білім мен дағдыларды игеруге, достық пен оқудың жылы атмосферасында көңіл көтеруге бірегей мүмкіндік ұсынады.    

Бағдарлама:

“PYTHON ПРОГРАММИРОВАНИЕ” курсы – программалау саласында білімдерін шыңдағысы келетін 5-9 сынып оқушыларына  программалау саласының негіздерін үйренуге мүмкіндік береді.

“РОБОТОТЕХНИКА” курсы – болашақ робототехниктерге арналған. Жаңадан үйренушілер роботтың негіздерін меңгеруге мүмкіндік алса, ал тәжірибелі оқышулар роботтарды құрау және бағдарламалау туралы білімдерін тереңдете алады.

“ОЛИМПИАДАЛЫҚ МАТЕМАТИКА” курсы – 5-9 сынып оқушыларына арналады. Бұл – математикалық есептер әлеміне енудің және тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен математикалық олимпиадаларға дайындалудың бірегей мүмкіндігі.

“ЗЕРДЕЛІ МЕКТЕП” курсы – 5 сынып оқушыларын конкурстық іріктеуден өтеуге дайындайды. Біз келесі пәндерді қамтитын ауқымды бағдарламаны ұсынамыз: математика, жаратылыстану, қазақ тілі, сондай-ақ ағылшын және орыс тілдері.

“NAZARBAYEV UNIVERSITY PREPARATION COURSE” – 9-10 сынып оқушыларына негізделген курс IELTS, NUET халықаралық емтихандарына дайындалуға және мотивациялық хаттар жазуды үйретеді.

Жазғы мектепке қатысу үшін онлайн-өтінімді толтыру қажет: https://docs.google.com/…/1FAIpQLSebs68wmsFaMt…/viewform.
Толығырақ +7 778 994 9141 телефон нөмері арқылы біле аласыз.

Барлық ниет білдірушілерді жазғы мектебімізге қатысуға шақырамыз!