Ата-аналарға арналған ашық есік күні

Білім ордамызда 7 сыныптың ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Ата-ана, бала, мектеп үштігінің байланысын нығайтуды көздейтін іс-шара аясында меймандарымыз оқу-тәрбие ісі, қосымша білім беру жүйесі және мектеп өмірімен кеңірек танысты.

Әуелі ата-аналар қауымы ашық сабақтарға қатысып, мектептің оқыту ерекшелігі мен балаларының оқу дайындықтарынан хабардар болды. Арнайы әзірленген бағдарлама бойынша мектеп аумағында экскурсия да ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қонақтарымыз аталмыш сыныптар арасында өткен «Кітап әлемді бағындырады» акциясының негізінде 100-ден астам шәкірттің бір-біріне кітап сыйлау сәтінің куәгері болды.

Кездесу соңы «Жеті шатыр» шаңырағының 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлік күніне орай ұйымдастырған шағын мерекелік кешіне ұласты.