Ата-аналар бас қосты

Білім ошағымызда ата-аналар комитетінің жиналысы өтті. Басқосу барысында мектеп өміріне қатысты өзекті мәселелер ортаға салынып, оны шешудің жолдары қарастырылды.

Атап айтқанда, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Жарылгасина «Ата-аналар кеңесі» бойынша ақпарат берсе, мектептегі ас мәзірі бойынша асхана меңгерушісі Р.Аманова, диета медбикесі Г.Уалиева, тәрбие жұмысының жобалары туралы педагог-ұйымдастырушы-куратор А.Сексенбаевалар өз ақпараттарымен бөлісті.

Одан бөлек мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушының этикасы, «Құқықтық мәдениет» апталығы мен алдағы Наурыз мерекесін тойлауға қатысты түрлі сұрақтар талқыланды. Ата-аналар мен ұстаздар топтық жұмыста бірлесіп ой бөлісті.