Үздіктер. Кезекті жеңіс

Мектебіміздің бір топ шәкірттері қаламызда өткен облыстық «Steam fest «Digital Abai» IT – фестивалінде топ жарды. Мектеп оқушылары мен студенттер үшін ұйымдастырылған фестивальға 90 -ға жуық Startup жобалар ұсынылды.


Фестиваль қорытындысы бойынша “Қымыз жасау құрылғысының жұмысын пневматикалық жетек арқылы оңтайландыру” жобасымен 11 сынып оқушысы Арыстан Нұрғалеев (жет: С. Анибаев, А. Сулейменова,К. Калиева), “Критерии оценки эффективности коммуникативных актов при взаимодействии с чат-ботом” жобасымен 10 сынып оқушысы Асылбек Кутумбеков (жет: А.Бодеева, А.Журбенко) І орын, “Prof Helper” жобасымен 11 сынып оқушылары Аружан Ибрагим, Дарига Сейткан (жет: К.Калиева) ІІ орын, “Лингвистическая модель средств оценки и манипуляции в фейковых новостях” жобасымен 10 сынып оқушылары Самира Серікқазина, Оразхан Маханов (жет: Н.Смагулова, К.Омарбекова, А.Таяпбергенова) ІІІ орынды жеңіп алды.