«Берік отбасы» тренингі ата-аналарға арналды

«Бүгінгі таңда отбасы мәселесі кез келген мәселеден озық тұрғаны сөзсіз. Осы орайда мектеп психологтары мен тәрбиешілер бірлесе өткізген “Берік отбасы” бағдарламасы тренингі жоғары дәрежеде өтті деп сеніммен айта аламын! Бала тәрбиесіндегі маңызды тұстарды тренинг арқылы әр отбасына жеткізе білді. Отбасы ұраны әр үйдің ұранына айналатындай ұтымды қойылған. Көрсетілген видеодағы кейіпкерлер өмірінен аларымыз мол. Сіздерге бала мен ата-ана арасында алтын көпір бола алғандарыңыз үшін алғыс айтамын!»


Бұл шәкіртіміз Жасатай Бақбергеннің анасының «Берік отбасы» тренингінен кейінгі ойы. 7-ші сынып ата-аналарына арналған жиналысты тәрбиешілер педагог-психологтармен бірлесе ұйымдастырды.
Жиналыс 7 бағытты қамтыған “Берік отбасы” бағдарламасының тәжірибесін қолдана отырып, тренинг форматында өтті. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды тудыратын отбасылық факторлардың санын азайтуға, сондай-ақ олар мен олардың ата-аналары арасындағы жақсы қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету. Тренинг барысында ата-аналарға балаларына қолдау көрсетуді үйренуге, балаларын тәрбиелеуде тәртіпті тиімді сақтауға, балаларға болашаққа оң мотивация беруге және олардың ата-аналарына деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмалар кірді.