Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Зияткерлік мектептердің 7-сыныбында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу шарттары туралы ақпараттандыру мақсатында 2024-2025 оқу жылында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерінің оқушыларымен олардың заңды өкілдерімен көшпелі кездесулер өткізу жалғасуда.


Осыған сәйкес мектеп ұстаздарының күшімен Көкпекті, Үржар аудандарында 2 кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге жиыны 250 –ден артық 6-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушыларға виртуалды және каникулярлы мектепте оқу мүмкіндіктері, конкурстық іріктеудің сынақ тестілеуін өткізу процесі, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу ерекшеліктері туралы көптеген ақпарат берді.