Комикс: жаңа көзқарас

Мектебіміздің 8 сынып оқушылары Дильназ Сүлеймен, Ильнара Сарқытбек, Еркежан Елеусызова, Аяна Берікбаева Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында өткен “Комикс: жаңа көзқарас” желілік байқауында І орынға ие болды.


Комикстер арқылы оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, олардың шығармашылығын қолдауды мақсат еткен байқау түрлі тақырыптарды қамтыды. Соның ішінде ұлтжандылық, туған жер, жарқын болашақ, отбасылық құндылықтар, халықтар достығы, бейбітшілік, ғылыми фантастика, экологиялық мәселелер сынды танымдық мақсаттарды көздеуі керек.


Біздің шәкірттер отбасылық құндылыққа байланысты комикстер салды. Орыс әдебиеті сабағында І тоқсанда танысқан А.П.Чеховтің «Событие» шығармасының желісі бойынша «Страницы прошлого» атты жаңа бір оқиғаны суреттеді. Осы арқылы жеңімпаздар өз комикстері арқылы адамдарды қатігез болмауға шақырады. Оқушыларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Смагулова, К.Батырханова жетекшілік етті.