Әріптесіміз ауыл балаларымен жүздесті

Зияткерлік мектептердің 7-сыныбында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу шарттары туралы ақпараттандыру мақсатында 2024-2025 оқу жылында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерінің оқушыларымен олардың заңды өкілдерімен көшпелі кездесулер өткізуді жоспарлады.


Осыған сәйкес жуырда облысымыздағы Абай ауданы Қарауыл ауылының 3 мектебінің 6-сыныбында оқитын 175 оқушысымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Асулан Кәкенов кездесті. Кездесу барысында әріптесіміз ауыл балаларына виртуалды мектепте оқу мүмкіндіктері, конкурстық іріктеудің сынақ тестілеуін өткізу процесі, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу ерекшеліктері туралы көптеген ақпарат берді.