Жаңа орта жатырқамайды

Жаңа оқу жылының басталуымен мектеп жатақханасы өз тәрбиеленушілеріне есігін айқара ашты. 120 орынға арналған жатақхана өз қатарына жаңадан 24 шәкіртті қабылдады. Осыған орай 7 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін жиналыс өткізілді.


Жиналыс барысында жатақхана меңгерушісі Қалжан Омарбаева жаңадан қабылданған оқушылар мен ата-аналарына ұйымдастыру ережесімен таныстырып, тәрбиешілер жатақхананың тәрбие жұмысы, ішкі тәртібі жөнінде ақпарат берді. Медбике оқушылардың денсаулығына байланысты мәліметтермен бөлісіп, ата-аналардың сұрақтарына жауап қайтарылды.


Жиналыстың екінші бөлімінде оқушылар мен ата-аналар ортасында берік достық қарым-қатынас орнату мақсатында тимбилдинг жүргізілді. Жиналыс соңында ата-аналардан кері байланыс алынып, жатақхана жұмысына байланысты туындаған сұрақтарға жауап берілді.