Жас ақындармен жүздесті

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ортақ «Замандастар жырлары» атты желілік жоба бар. Аталған жобаның түпкі мәні – шәкірттерімізді әдебиетке қызықтыра отырып, елді-жерді жырлаған отты ақындармен жақынырақ таныстыру. Сол арқылы ана тілімізге, ұлттық өнерімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыру. Міне, осы аталған жобаның аясында мектебімізде «Сөз құдіреті» тақырыбында жас ақындармен кездесу өтті.


Кездесуге қалалық, облыстық, республикалық жыр мүшәйралары мен айтыстардың жүлдегері, республикалық өнер фестивальдарының лауреаты. «Абай әлемі» фестивалінің Гран-При жеңімпазы, алтын төсбелгісі мен ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай төсбелгсінің иегері Бауыржан Игілік, республикалық Абай Құнанбаев атындағы стипендия иегері, жыр мүшәйраларының жеңімпазы Асқарбек Жақсылық, республикалық конкурстардың жеңімпазы Темірбай Темірлан қатысты.


Мектеп кураторлары М.Биахметова, А.Жұманиязовалар ұйымдастырған шара сыр –сұхбат форматында өтті. Кездесу қонақтары мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалап қоймай, өздерінің жыр шумақтарын да арнады. Бүгінгі қазақ поэзиясы, жас ақындардың аяқ алысы жайлы әңгіме өрбіді.
Кеш соңы қонақтарға естелік сыйлықтар табыстаумен қорытындыланды.