Қайырымдылық шарасы жалғасты

«Бала үйіндегі» қайырымдылық шарамыз 28 желтоқсан күні де жалғасты. Жаңа жылдық ертеңгілікте мектебіміздің оқушылары кішкентай іні-қарындастарына арнап ертегі, би, ойындар әзірлеп келді. Бұл күнгі мерекеден мектебіміздегі «Қарағайлы», «Алаш» шаңырақтарының мүшелері мен олардың ата-аналары да қалыс қалмады. Жаңа жылдық ертеңгілікке «Айгөлек», «Аленушка» топтарынан 2 мен 5 жас аралығындағы 35 бүлдіршін қатысты. Қайырымдылық шарасы біздің оқушылар үшін мағынасы зор үлкен әлеуметтік тәжірибе болды. Шара соңында шәкірттеріміздің жүздерінен көптеген өзгерістерді байқау қиын емес еді. Олардың әрқайсы көргендеріне терең үңіліп, кең ауқымда ойлай отырып, өз пікірлерін ортаға салды. Ата-ана қамқорлығынан жырақта жүрген бүлдіршіндер өмірі оларға өзгеше ой салғандай. Сондықтан бұл әлеуметтік жобаның түпкі мақсаты әр бала өз ата-анасының қасында болуы керек дегенге әкеліп саяды.