Орыс тілі апталығы өтуде

Мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен апталық өтуде. Апталық барысында ұстаздар оқушылар мен мектеп ұжымы үшін түрлі қызықты шараларды қолға алған. Солардың арасында «Музей восковых фигур» көрмесінің әсері ерекше болды.


– Біз көрмені оқушылардың күшімен түрлі халықтардың ертегі, роман, әңгімелерінің кейіпкерлерінен құрастырдық. Солардың көпшілігі оқушыларымыздың сүйіп оқитын кітаптарынан алынды. Мәселен, «Приключения Алисы в Стране чудес», «Гарри Поттер», «Волшебник Изумрудного города» сынды көптеген қызықты шығармалар таңдалды. Олардан бөлек, Л.Толстой, Н.Гогольдің шығармалары да шет қалмады. Көрмені тамашалаған әр оқушы біз әзірлеген кейіпкерлер, ол арқай болған шығарма жайлы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін тексереді. Сонымен бірге «Масленица» мерекесін де осы апталықта атап өтеміз. Ол жерде де түрлі қызықты ойындар ойнатылып, ұтқыр оқушыларға тәттілер таратылады. Біз осы шаралар арқылы шәкірттерімізді кітап оқуға, толерантты болуға тәрбиелейміз, -дейді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құралай Омарбекова.