Клубтар жәрмеңкесі өтті

Шәкірттеріміз өз қызығушылықтарына қарай мектебіміздегі түрлі клубтардың мүшесі болып, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда. Мектебімізде ұйымдастырылған клубтар жәрмеңкесінде олар өздерінің клубтары жайлы кеңінен әңгімелеп, жәрмеңкені тамашалаушылардың назарын аударды.

– Бізде жалпы саны 31 клуб бар. Олардың алға қойған мақсаттары мен жұмыс істеу барысы әртүрлі. Солардың ішінде денсаулық, экология, бизнес, тіл, мәдениет, өнер, шешендік өнер сынды бағыттар аса сұранысқа ие. Бүгінгі шараға 27 клуб қатысып, өздері жайлы кең мағлұмат берді. Оқушылар өз күштерімен клуб жайлы постерлер, презентациялар, стендтер әзірлеген, – дейді мектебіміздің клубтар министрі, 11 сынып оқушысы Аружан Қаймолдина.

Жәрмеңкеге мектеп директоры Бағдан Қайыржанов қатысып, шәкірттер жұмысына сәттілік тіледі.